Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт «Ана тілі» газетіне сұхбат берді. Осы сұхбатында ел болашағына қатысты қойған басты мақсаты – экономиканы және егемендікті нығайту екенін анық аңғартты. Ол халыққа еліміздің дамуын жүйелі түрде жалғастыру үшін алдағы жылдары жүзеге асатын реформалар мен мақсаттар туралы толық түсінік берді.
Экономикалық тұрақтылық, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым салаларына басымдық беру арқылы Қазақстанды әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету маңызды. Еліміздің егемендігін сақтап, оны нығайту үшін жасалған жоспарлар мен ауқымды реформалар экономикада оң өзгерістер алып келеді. Экономикада қарқынды өзгерістер болады, бұл тұрғыда ең бастысы – халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайы жақсарады. Бұл жаңалықтар қоғам үшін өте маңызды, елдің болашағы мен тұтастығы тек экономикалық күшке байланысты болатыны түсінікті.
Рүстем Бегалиев, Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі