Жасыл энергетика мен экология саласындағы бастамалар

 

Президент Қ. Тоқаевтың мақаласында экологиялық мәселелер мен жасыл энергетикаға ерекше көңіл бөлінген. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздеріне арналған жобалар кеңінен жүзеге асырылып, шетел инвесторларымен түрлі келісімдер жасалды. Жел, күн және су электр стансаларын салу жобалары елдің энергия тұтынуын тұрақты әрі экологиялық таза етуге бағытталған. Бұл бастамалар еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, климаттық өзгерістерге қарсы тиімді күресуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасыл экономикаға көшу арқылы Қазақстан болашақта қоршаған ортаны сақтауға және жаһандық экологиялық мәселелерге өз үлесін қосуға қабілетті болады.

Утепов Руслан, Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.