Қазақстанның экономикалық және саяси тұрақтылығы: реформалар мен жаңғырту жолында

Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы мақаласы ел экономикасын және егемендікті нығайтуды басты мақсат етіп қойғанын көрсетеді.

Бұл реформалар мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуда, оның негізінде халықтың әл-ауқатын жақсарту, саяси жүйенің тиімділігін арттыру тұр. Президенттің айтуынша, елімізде саяси реформалар тоқтамай, үнемі дамып отырады. Қазіргі кезде Конституцияның өзгерістерінен бастап, жергілікті әкімдердің сайлануы, заң үстемдігіне басымдық берілуі секілді қадамдар – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдар. Сонымен қатар, инфрақұрылым мен әлеуметтік салаларды дамытуға назар аударылып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар Қазақстанның тұрақты дамуына және әлемдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Ізтілеуов Теміржан, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.