Президент Қ. Тоқаевтың мақаласында әлеуметтік инфрақұрылымның жаңғыртылуы туралы маңызды бастамалар айтылды. Бұл бастамалар Қазақстанның ауылды аймақтарын қамтитын денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жобаларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарға алынған. Әсіресе, «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үй бағдарламаларын жетілдіру және тұрғын үй құрылысын ұлғайту Қазақстан азаматтарына қолжетімді баспана мәселесін шешуге ықпал етеді. 2029 жылға дейін 10 мың отбасыға жалға берілетін тұрғын үй беріледі деп жоспарланып, бұл әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл реформалар, әсіресе жастар мен аз қамтылған отбасылар үшін маңызды.
Үсенбаев Мақсат , аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы