Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі сұхбатында айтылғандай, еліміздегі саяси жүйенің тұрақтылығы мен реформалар үлкен маңызға ие. Президент саяси жүйені жаңғырту бағытында қадамдар жасалғанын және ол қоғамның сұранысына сай жалғасатынын қадап айтты.
Бұл реформалар арқылы билік тармақтары арасында тепе-теңдік пен тежемелік жүйесі күшейіп, азаматтардың саяси өмірге қатысуы артты. Бұған қоса, Президенттің «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы еліміздің саяси жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталып отырғанын жақсы білеміз.
Мақалада Қазақстанның болашағы мен егемендігін нығайтуға бағытталған маңызды бастамалар туралы айтылды. Елдің экономикалық тәуелсіздігі мен халықаралық аренадағы орнына ерекше назар аударылған. Мемлекет басшысы еліміздің өз егемендігін сақтап қалу үшін халықаралық саясатта белсенді рөл атқарып, ішкі реформалар арқылы әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өсуге қол жеткізу қажеттігін ұғынықты тілде жеткізді. Қоғамдағы барлық мәселе қамтылған сұқбаттың мән-мағынасы өте терең, өте өзекті деп есептеймін.
Шайдаев Мұхтар, Жамбыл аудандық мәслихатының төрағасы