Бүгін,«Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көрді. Бұл мақаласында еліміздегі заңнамалық өзгерістер туралы пікірін ашық білдірді. Оны біз еліміздің құқықтық мемлекет құрылымын нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп қабылдауымыз керек.
Президенттің айтуынша, қабылданған заңдар қоғамдық пікір мен халықтың сұраныстарын ескере отырып, әрдайым қоғамның мүддесіне сай болуға тиіс. Жаңа заңдардағы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған реформалар қоғамдағы барлық азаматтың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Бұл заңдар халықтың құқығын қорғауды жетілдіруге, қоғамдағы қылмыстың алдын алуға маңызды шаралар болып табылатынын жақсы түсінеміз.
Жомарт Телеуов,
Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.