Білім беру жүйесі қоғам өмірінен ешқашан сырт қалған емес. Бұл жолы да ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев газетке берген сұхбатында білім беру саласына маңызды реформалар – өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде 460 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл бастама апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесін шешуге тікелей ықпал етпек. Сонымен қатар мектептегі орын тапшылығын толығымен жою мақсатында жаңа білім беру мекемелерінің құрылысы жалғасады. Бұл реформалар еліміздің білім беру жүйесін заманауи талаптарға сай жаңғыртуға мүмкіндік береді және жастарға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасайды. Өйткені білімнің жарығы түспейтін жер жоқ екені бесенеден белгілі.
Абдирасилова Зауре, Аудандық білім бөлімінің басшысы