Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсетіле беретінін атап айтты

Әсіресе соңғы жылдары Қазақстандағы бизнесті дамытуға үлкен мән беріліп отырғанын бәріміз жақсы білеміз. Кешегі сұхбатында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсетіле беретінін атап айтты. Бизнесті қолдауға арналған жеңілдетілген несие, субсидиялар мен кепілдендірілген қарыздар экономикамыздың дамуына оң әсерін тигізеді. Бірнеше жылдан бері елімізге шетелдік инвестициялар көптеп тартылып, осының арқасында жаңа технологиялар мен инновациялық кәсіпорындар ашылып жатыр. Бұл егемен еліміздің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті мемлекет атануына жол ашуда. Бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде елімізде жаңа кәсіпкерлер пайда болып, ұлттық экономиканы өркендетуде. Инвесторларды қолдаған жағдайда еліміздің инвестициялық ахуалы едәуір жақсаратынына күмән жоқ. Бұл халық тұрмысының артуына, жұмыспен қамтылуына ықпал жасамақ.

Дайрабекова Фарида, кәсіпкер

Leave A Reply

Your email address will not be published.