Республикамызда жемқорлықпен күресу күн тәртібінен түскен емес

Республикамызда жемқорлықпен күресу күн тәртібінен түскен емес. Қатерлі құбылысты жою үшін елімізде тегеурінді тірліктер тиянағын табуда. Содан болар, Мемлекет басшысы өз сұхбатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне айрықша назар аударды. Бәріміз де мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдары мен халықаралық стандарттар елде әділеттілік орнатуға негіз болатынына сенеміз. Қоғамда жемқорлықты түбірімен жою бүкіл мемлекеттің міндетіне айналды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижесінде мемлекет қоғам алдында өзінің әділдігін көрсетуге мүмкіндік алады. Президент осы мәселеде заңды қатаң сақтап, әрбір құқық бұзушыға қатысты заң аясында қатаң шешімдер қабылдануын талап етіп отыр. Бұл бастаманы қолдап, қауіпті көрініспен ымырасыз күреске ел болып араласуынсыз керек деп есептеймін.

Дауленов Марат, Аса адалдық алаңы жобалық кеңсесінің менеджері

Leave A Reply

Your email address will not be published.