Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұрақтылығы – бәрінен қымбат

Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұрақтылығы – бәрінен қымбат. Ол ұлттық мүддені жоғары қоюдан басталады. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның тәуелсіздігін қорғау мен экономиканы дамыту бағытын ұстанып отырғанын жеткізді. Президенттің айтуынша, еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесі әрдайым басты назарда болуы тиіс. Әсіресе ядролық энергетика саласында және халықаралық қатынастарда еліміз бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, өз мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылады. Қазақ елі әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып, өзінің тәуелсіздігін нығайтуға барлық мүмкіндікті пайдаланады. Бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық қауіпсіздікті күшейтіп, елдің тұрақтылығын сақтауға жол ашады. Тәуелсіздіктен асқан киелі ұғым болмаса керек.

Спатов Серік, Жамбыл аудандық мәслихатының аппарат басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.