Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Әдеп кодексі) және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілді.
Әдеп кодексі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Әдеп Кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын алдын алуға бағытталған.
Әдеп кодексінде мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленген.
Жоғарыда аталған қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген Ж. Оспанова өз функциялары шегінде қызметін жүзеге асыруда.
Әдеп жөніндегі уәкіл: әдеп және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуды, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, түсіндірме жұмысын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек береді, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға жәрдемдеседі, қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды, мемлекеттік органның басшылығына құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою бойынша ұсынымдарды енгізеді, азаматтық қоғам институттарымен және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, қызметшілер мен азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ғимаратында және әлеуметтік желіде орналастарылған.
2021 жылғы бірінші тоқсанында Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызмет, сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша 11 мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативті көмек көрсетілді, 12профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 7 ауылдық округтерге шығу іске асырылды.
Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі уәкілмен тұрақты түрде ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында 1 рет анонимді сауалнамалар жүргізілді.
Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін 3 қызметшілер көтермеленді.
Өткізілген іс-шаралар мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері және мүдделер қақтығысы болмауына, ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруына оң нәтижелер беруде.
Жамбыл ауданы әкімдігі кадр бөлімшесінің басшысы, аудан әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Тимур Тұрсынбеков