Мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органдаҚазақстан Республикасының заңнамасындабелгiленген тәртiппен мемлекеттiк лауазымдыатқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдықөкiлеттiктерді жүзеге асыратын ҚазақстанРеспубликасының азаматы.
Мемлекетті тиімді басқаруы үшін мемлекеттікқызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттер, бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттікқызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлықмаңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасысекілді. Оның ар — ожданы биік, әділетті, таланттыұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғамбағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшініңмемлекеттік қызметті қаншалықты сапалыкөрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбірмемлекеттік қызметші өз орнында халықтыңмүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заңшеңберінде шешуі талап етіледі.
Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасындабайланыстырушы буын болып табылады. Сондықтанда көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрдеой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешужауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысынигергендігіне байланысты. Кез-келген деңгейдегімемлекеттік қызметші лауазымы басқа мамандықтұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл — өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы.
Мемлекеттік қызметші іс-әркетіне жауаптылықпенқарап, жоғары орындаушылық, өзіне жәнеәріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік жәнемүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы, әдептіліктің белгісі. Олардың моральдық-этикалық бейнесі мен кәсібисапасына Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызметшілерінің Әдеп кодексі жоғары талап қояды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдептісақтауына мониторингті және бақылауды жүргізуүшін әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілген.
Әдеп жөнiндегi уәкiл дегеніміз – қызметтiк әдепнормаларының сақталуын қадағалайтын жәнемемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсыiс-қимыл туралы заңнама мен ҚазақстанРеспубликасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдепкодексi талаптары бұзылуының алдын алуды назардаұстайтын, сондай-ақ өз функциялары шегiндемемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңесберетiн мемлекеттiк қызметшi.
Кез келген мемлекеттің жетістігі мен гүлденуімемлекеттік қызметшілерінің тиімді және кәсібиқызметіне негізделеді.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудіңсапасын арттыруға айрықша назар аударылып, көңілбөлінуде. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметжүйесінің дамуы саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуымен, мемлекеттік басқару жүйесініңоңтайландырылуымен тығыз байланысты. Кейбірадамдардың ойынша мемлекеттік қызмет дегенімізкүніге 8 сағаттық жұмыс қана, ал шындығындамемлекеттік қызмет дегеніміз тәулік бойы міндет пен жауапкершілік. Олай болса, мемлекеттік қызметкерболу — зор құрмет, ол халық пен мемлекетарасындағы алтын көпір қызметін атқарыптұрғандай, бұл өте жауапты да, қиын және қызықтықызмет екенін айтпасада анық.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынасәйкес, 23 маусым– Мемлекеттік қызметші күніболып бекітілді.
Мемлекетпен жүзеге асырылатын шараларазаматтардың қажеттілігін қанағаттандыруғабағытталған.
Адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейліекенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсібишеберлік пен біліктілігімізге сенім артқанжандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргіжаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсізелімізді өркендету жолында еселі еңбек ету бастымақсатымыз.
Жамбыл ауданы әкімдігі кадр бөлімшесінің басшысы, аудан әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Тимур Тұрсынбеков