ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АМАНГЕЛДІ ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА

Жамбыл облыстық мәслихат депутаттары Бастаубаева Жанат Абдуалиевна, Дәуіт Оралхан, Ташқараев Дамир Отарханұлы, облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторы Айдынбеков Рустам Тұрсынбекұлы, Сатыбалдиева Жансая Жақсыбекқызы Жамбыл ауданына жұмыс сапары аясында Аса ауылында орналасқан «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-не барып, зауыт директорының орынбасары Болат Бухбановпен кездесті.

Кездесу барысында аудан тұрғындарын толғандырған зауыттан шығатын қалдықтар мен ауа ластану мәселесі сөз болды.

Жұмыс тобының тарапынан түскен осы мәселеге қатысты сауалға Болат Мылтықбайұлы бүгінгі уақытта осы иіске байланысты зерттеу нәтижелері тәуліктік және максималдық деңгейде өлшем жүргізіліп жатқанын, осы зауыттан түсетін салық пен жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылғаны жөнінде ақпарат берді.

Депутаттар тұрғындардың өтініші, ұсыныс-пікірлері назардан тыс қалмау керектігін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.