ҚОЛ КҮРЕСТЕН 10 ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Таяуда аудан орталығы Аса ауылында қол күрестен аудандық турнир өтті деп хабарлайды asaaqparat.kz

Ашық турнирде аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Бағдан Нұсқабеков пен округ әкімі Бауыржан Қалшымбетов салауатты өмір салтын ұстанудың маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып, қол күресі спортының дамуына үлес қосу мақсатында өткен бәсеке – аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы мен Аса ауылдық округі әкімі аппаратының спорт нұсқаушысы Ержан Кушенов ұйымдастыруымен өтті.

Ауданның үздік жас армрестлингшілері бақ сынаған жарысқа Жамбыл, Байзақ және Жуалы аудандарынан келген 2010-2019 жылғы және одан да кіші жастағы 120дан аса спортшы қатысты. Қол күресі шеберлері он алты салмақ дәрежесі бойынша білек күшi спортының озық үлгісін көрсетті.

Жарыс қорытындысында, 30 келіде қыздар арасында I орынды Кәусар Санжарқызы, 50 келіде Аружан Құрал, 55 келіде Айзере Әсім, 60 келіде Назерке Құрманбай, 60 келіде Арай Қанат, (Жамбыл ауданы), 40 келіде Әмина Әділбек (Байзақ ауданы), ұлдар арасында І орынды 20 келіде Әмір Ерланұлы, 25 келіде Нұрислам Әбілдахан, 36 келіде Нұрислам Пазыл, 50 келіде Азамат Хабибулла, 60 келіде Ғұмар Жампоз (Жамбыл ауданы), 45 келіде Алхам Бамаханбет, 60 келіде Дархан Сәрсенбай (Байзақ ауданы) иеленді.

Жарыс жеңімпаздарына медальдар мен дипломдар табыс етiлдi.

Leave A Reply

Your email address will not be published.