АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАСЫ

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі саласы. Сондықтан ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы қай кез¬де де мемлекеттің басты назарын¬да.
Жамбыл ауданы бұл саланы дамытуға жері құнарлы әрі табиғаты да жайлы. Нәтижесінде өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 101,9 % құрады. Соның ішінде мал шаруашылығы — 100,0%, егін шаруашылығы — 102,7 %. Аудан бойынша 16 514 га масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 16,3 цн өнім алынып, жалпы түсім 26 920 тоннаны құрады. Егін орағына 39-комбайн қосылды. Мал азығына келетін болсақ, шөп дайындау бойынша белгіленген жоспарға сәйкес 332 859 тонна шөп дайындалып, жинақталды. Сондай-ақ 1626 га жерге қант қызылшасы орналастырылды, нақты сақталғаны 1477,5 га. Ауданда қант қызылшасын жинауға 8 комбайн, 51 жүк көліктері қатысты.

Елімізде ауыл шаруашылығына са¬лы¬натын инвестициялар көлемі де жыл сайын айтарлықтай өсіп келеді. Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты да – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және им¬портты алмастыру болып табылады. Бұл бағытта суару, құс етін өндіру, қоймалар мен тауарлы-сүт фермаларын салу, ет, сүт, астықты терең өңдеу және өнер¬кәсіптік жылыжай шаруашылығын да¬мыту – басымдыққа ие салалар. Бұл бағыттағы жұмыстарға тоқтала кетсем, өткен жылы агросаладағы техникаларды жаңарту жоспары артығымен орындалды. Нақтысы, 117 техника алынып, оның ішінде 48 трактор, 3 комбайн 66 басқа қосалқы техника жаңартылды. Аудан бойынша 6 200 гектарға су үнемдеу технолгияларын енгізу жоспарланса, 6230 га жерге жаңа технология енгізілді. Оның ішінде тамшылатып суару техгологиясы 5334 гектарға енгізілсе, жаңбырлатып суару 896 гектарға енгізілді.
«Аграрлық несие корпарациясы» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалынан «Дихан» несиелік серіктестіктер арқылы 2024 жылы барлығы отыз екі нысан 708,7 млн. теңге несие, соның ішінде ауданнан егін шаруашылығында 14 шаруашылық 162,5 млн. теңге несие алса, мал бағытына 7 шаруашылық- 118,5 млн. теңге алды. Басқа ауданнан он бір шаруашылық 427,7 млн. теңге несие алынған. «КазАгроҚаржы» АҚ-ы Жамбыл облыстық филиалынан 2024 жылы барлығы 38 трактор-597,0 млн. тг, 1 комбайн-69,6 млн.тг, 23 тіркеме техникалар – 74,3 млн. тг., барлығы 740,9 млн. теңгеге өтінім мақұлданды.

Жеке қосалқы шаруашылықты тиімді табыс көзіне айналдырып отырған шаруалар үшін «Ауыл аманаты» жобасы да аса қажет жоба саналады. Бұл бағытта да жұмыстар атқарылып, ауыл-аймақта алыстан емес ауласында кәсіп ашқан тұрғындар қатары артып келеді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2024 жылы Айшабибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтері бойынша 17 жоба қаржыландырылды. Мал шаруашылығын дамыту бағытында 16 ауыл тұрғыны 525 мал басын сатып алды. Айшабибі ауылдық округінен 4 кәсіпкерге 175 мал басын сатып алуға 32 млн. 105 мың. теңге несие берілді. Қарасу ауылдық округінен 3 кәсіпкерге 28 мал басын алуға 15 млн. 800 мың теңге несие берілді. Тоғызтарау ауылдық округінен 9 кәсіпкер 58 млн 400 мың теңге несие алып, 322 бас мал алды. Үй іргесінде жеке кәсібін ашу бағыты бойынша 1 жоба іске асырылды. Айшабибі ауылдық окургінен 1 жоба нан пісіретін цехқа қаржыландырылып, бүгінгі таңда жұмыс жасауда. «Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобалары» аясында ауданда 5 ауылдық округтен (Айшабибі, Ақбастау, Аса, Бесағаш, Жамбыл) 16 жеке кәсіпкер 117 млн 500 мың теңге көлемінде несие алды. 2025 жылы 6 ауылдық округтен 14 жоба 121 млн 500 мың теңгеге қаржыландырылды.
Еліміздің экономикалық әлеуетін көтеретін негізгі күретамыр – ауыл шаруашылығы. Асыраушы саланың егіншілік, жеміс-жидек, көкөніс, төрт түлікті түлету, тағы басқа да толып жатқан бағыттары бар. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тапппақ. Ағымдағы жылы 4,7 млрд. теңгені құрайтын 50 жұмыс орнымен 2-і тауарлы-сүт фермаларының құрылысы инвестициялық жобалары іске асырылуда. Нақтысы, 612 бастық тауарлы сүт фермасы соғылуда. Өрнек ауылдық округінде орналасқан орналасқан нысандағы жобаны жүзеге асыруға «Алем Constrution» ЖШС –мен келісім шарт жасалып құрылыс жұмыстары жүруде.Тауарлы сүт фермасына қажетті жабдықтарға тапсырыс берілген. Және де Көлқайнар ауылдық округінде 400 бастық тауарлы сүт фермасы соғылуда. Іргетасты құю жұмыстары 50% жұмыстары аяқталған. 3 корпустын тіректері дайын тұр. Қазіргі таңда тіректерді қойып дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұрлан НЕСІПБЕКОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.