ЖАМБЫЛДА ТЕГІН ТІЛ ҮЙРЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ БАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Тегін тіл курстары:

Жамбыл облысында мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін үйрететін Тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істейді.
• 2024 жылы 4 637 адам тіл курстарына тартылды, оның ішінде:

4052 адам – қазақ тілін (81,7%-ы өзге этнос өкілдері)

30 адам – орыс тілін

555 адам – ағылшын тілін меңгеруде.

Қазтест және мемлекеттік қызметшілердің тілді білу деңгейі:
• 2015-2023 жылдары 21 422 адам Қазтест жүйесі арқылы білімін тексерді.
• 2024 жылы 172 адам сертификаттық тест тапсырды.
• Мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдарда 1 592 қызметкер диагностикалық тесттен өтті.

🔹 Мемлекеттік тілді насихаттау шаралары:
• Жыл бойы 148 іс-шара ұйымдастырылып, 5 мыңға жуық адам қамтылды.
• Олардың ішінде:
🎭 Байқаулар, фестивальдер, интеллектуалды сайыстар
🎬 Кино көрсетілімдер, челлендждер, квесттер
📖 Әдеби кештер, семинарлар, дәрістер
🗣 134 клуб отырысы

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тілдерді оқыту орталығының директоры Дәурембеков Қуаныш хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.