Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Бесағаш ауылында «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында жобалық құны 446 миллион 774 мың теңгені құраған дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, балалардың спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік жасалып отыр.

Оның ашылуына облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, әкімдік өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Абдалы Тоқбергенұлы спорт кешенінің жұмысымен танысып, жастармен кездесіп, осындай спорт кешендерінен әлемге танылған спортшылар шығатынына тілектестік білдірді.

Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында аудан аумағында биыл Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу жоспарлануда.