Мемлекеттік тілді дамытудың жаңа мүмкіндіктері

Мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуді зор мақсат тұтқанымызға да отыз жылдан асты. Тілсаясатының жүзеге асырылуына әрдайым назараударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сайтуындайтын жаңа мүмкіндікті айқындау оныңмәртебесін, қолдану аясын кеңейтері сөзсіз.

Қазіргі жаһандану заманында тілтанушылардың «мемлекеттік тіл» туралы іргелі ұғымды құрайтын түсініктері кеңейді, трансформацияланды, бұған дейінгі социолингвистикалық зерттеулерде «мемлекеттік тіл» кеңестік ғылыми таным тұрғысынан қаралды. Бүгінгі күні мемлекеттік тіл ұғымы әлдеқайдаөзгеше, жаңа концептілермен, білімдер жүйесіментолықты. Сондықтан осы білімдерді жүйелеп, қоғамға таныту аса маңызды.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік және қоғамдық өмірде аса маңызды қызметтерді атқаратын тіл: ол мемлекеттік басқаруды, заң шығару мен сот ісі және дипломатиялық өкілдікті (мемлекет ішінде және одан тыс жерлерде) жүргізу тілі; мемлекет шегінде әкімшілік-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзара іс-қимыл тілі; мемлекеттің этностық құрамына қарамастан, оқытудың барлық сатысындағы білім беру тілі; бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа ақпараттық технологиялардың тілі.

Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайдыжәне идеология дұрыс жүргізілмейді(түсіндірілмейді). Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағыбірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Қазақтілінің маңыздылығын және қолданыс аясынкеңейтуді сонау Алаш зиялыларынан бастап бірғасырдан бері айтылып, жазылып келеді. Бірақ ауызтолтырарлықтай нәтиже шықпады. Сол үшін де қазіргі күні тіл туралы мақала, ой-пікір халықтыңпсихологиясын шаршатып та жіберді. Құр сөзекенін түсінді. Сондықтан бұл тақырыпта құржыламсырап жазғанды жөн көрмей тіл саясатындамытудың тетіктері жөнінде нақтыұсыныстарымды беріп отырмын. Енді тілтақырыбында бәріміз тек ұсыныстар ғана жазыпжәне оны орындауда өзіміз үлгі көрсете білейік.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.А.Саулембекова

Leave A Reply

Your email address will not be published.