Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 36 жыл толуына орай Жамбыл ауданындағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті.
Шараға Жамбыл ауданы әкімдігі мен мәслихат аппаратының өкілдері, депутаттар ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары, Ауған соғысының ардагерлері мен соғыста опат болған жауынгерлердің ата-аналары, әскерилер, жастар, аудан тұрғындары қатысты.
Жиналғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.