ТАРАЗДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Қалада таңнан бері қар тазалау жұмыстары қарқын алды. Негізгі жолдар мен айналма жол, көпір үсті қардан аршылып, қауіпсіздік талаптары үшін құм, тұз себу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды Asaaqparat.kz

«Жасыл ел Тараз» мекемесінің күшімен арнайы бекітілген көшелер мен көпірлерге 200 м3 құм, 40 т тұз себілді. Ақ ұлпаны тазалау жұмыстарына 23 техника және қар шығару жұмыстарына 6 техника жұмылдырылды.

Толассыз жауған қар мен ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызмет көрсету саласындағы мамандар тәулік бойы күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.