МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлайды asaaqparat.kz

✔️Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

✔️Құжатта:

▪️тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
▪️археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
▪️тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
▪️қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
▪️археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
▪️мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
▪️қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
▪️тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
▪️мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
▪️туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.