Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Шайқорық ауылының тұрғыны Қайрат Қадырбаевты қабылдады деп хабарлайды Asaaqparat.kz
2019 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1,5 миллион теңге грант жеңіп алып, ағаш көмірі өндірісімен айналысып келе жатқан кәсіпкер Аса-Тараз тас жолы бойындағы Қостөбе ауылының жайылымдық жерінен теректерді тазалап, көмір өңдесем деген өтінішін жолдады.
Тұрғынның сауалын мұқият тыңдаған өңір басшысы бұл мәселеге рұқсат беру бойынша құзырет аудан әкімдігінде жоқ екенін айтып, өзгеде мәселелер бойынша заң тәртібімен жауап берді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.