Шымкент әкімдігінде өткен жиналыс кезінде ұсталған экс-шенеунік 9 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Asaaqparat.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қаланың тұрғын үй басқармасы басшысының бұрынғы міндетін атқарушыға қатысты соталды тергеу аяқталғанын хабарлаған.
«2024 жылғы 27 тамызда ол 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, сондай-ақ, өмір бойына қандай да бір мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылды», — деді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, былтыр ақпанда Шымкент әкімдігінде өткен жиналыс барысында Антикор қызметкерлері экс-шенеунікті ұстады.
Жиналыста сыбайлас жемқорлық тақырыбын талқылау барысында әкім Ғабит Сыздықбеков мұндай қызметкерлер әкімдікте де бар екенін айтып, бірнеше ай бойы бұл туралы ескерткенін мәлімдеді.