АХАТ – адам өмірінің куәгері

5 наурызҚазақстанда АХАТ қызметкерлерікүні атап өтіледі.

Осыған орай елордадағысалтанат залында бүгінгі таңда еңбек етіпжатқан қызметкерлер мен ардагерлер, сондай-ақотбасылық өмірдің мерейтой иелері мен жасжұбайлар жиналды.

Іс-шара барысында «Азаматтарға арналғанүкімет» Мемлекеттік корпорациясының БасқармаТөрағасы Арман Кенжеғалиев қызметкерлер мен ардагерлерге олардың өлшеусіз еңбегі, кәсібилігімен адалдығы үшін алғыс білдірді. Одан кейінортаға Мендельсон маршының сүйемелдеуіменжарты ғасырлық және ширек ғасырлық отбасылықөмірді артқа тастаған жұптар шақырылды. Оларға«Азаматтарға арналған үкімет елтаңбалы мөріқойылған неке куәлігінің телнұсқасы табысталды. Өз кезегінде мерейтой иелері отбасылық өміргеқадам басқан жас жанұяға жылулық пен берекенібейнелейтін Отау киіз үйді сыйға тартты.

«АХАТ қызметкерлерінің жұмысықоғамүшін аса маңызды. Мәселен, 2024 жылы 125 544 неке тіркеліп, 388 032 сәбиге туу туралы куәлікберілді. Ал жыл басынан бері 16 023 неке мен 56 629 туу тіркелді. Естеріңізге сала кетейін, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ бөлімдері«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттіккорпорациясының қарамағына берілді»,деді«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттіккорпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, бұл күні тек елордада ғана емес, бүкіл ел бойынша жүйедегі қызметкерлердімарапаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Оларға ҚР Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрінің, Мемлекеттікқызметтер комитетінің құрмет грамоталары мен«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттіккорпорациясының Басқарма Төрағасының алғысхаттары табыс етілді. Жалпы, Қазақстан бойынша47 қызметкер марапатталды.

Бүгінде еліміздегі АХАТ жүйесінде 825 қызметкер еңбек етеді. Олар мемлекет үшін аса маңызды функция – адамның өміріндегі бастыоқиғаларды, соның ішінде тууды, некені, бала асырап алуды және өзге де тіркеулерді қамтамасызетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.