Тіл – ұлттың жаны, рухани тірегі. Ол халықтыңтарихын, мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүрінбойына сіңіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетінқұндылық. Сондықтан да тілдің дамуы мен болашағы – елдің мүддесімен тікелей байланысты. Тілдің жоғалуы – ұлттың әлсіреуіне, тіптіжойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сол себепті әрбірмемлекет өз тілін дамыту мен қорғауды бастыміндеттерінің бірі ретінде қарастырады.
Әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігін, мәдениетінсақтауда ана тілі негізгі рөл атқарады. Қазақхалқының тілі – оның ұлттық кодын айқындайтынбасты белгілердің бірі. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ тілі талай қиындықтарды бастан кешірді. Ұзақ жылдар бойы бодандықта болып, ана тілімізшектеулерге ұшырады. Дегенмен, халқымыз тілінсақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізе білді. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілі мемлекеттікмәртебеге ие болды. Бұл – ел болашағы үшінжасалған маңызды қадам.
Мемлекеттің толыққанды тәуелсіз болуы оныңтілдік саясатының берік болуымен өлшенеді. Өзін-өзі сыйлайтын ел ең алдымен тілін қадірлейді, оны дамытып, қоғам өмірінің барлық саласында кеңіненқолдануға жағдай жасайды. Қазақстандамемлекеттік тіл – қазақ тілі. Елдің мүддесі – осы тілді дамыту, оны ғылым мен технология, саясатпен экономика, мәдениет пен өнер салаларындакеңінен пайдалану.
Алайда, қазақ тілінің дамуы тек мемлекеттікқолдаумен шектелмеуі тиіс. Әрбір азамат тілтағдырына жауапкершілікпен қарауы керек. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оны мәртебесіне сай қолдану – баршамыздыңміндетіміз.
Жастар – кез келген ұлттың болашағы. Егержастар ана тілін ұмытса, ол тілдің келешегі де бұлыңғыр болмақ. Сондықтан отбасынан бастап, білім беру жүйесінде, бұқаралық ақпаратқұралдарында, әлеуметтік желілерде қазақ тілініңқолданысын арттыру маңызды. Бала ана тілінотбасында үйреніп, мектепте терең меңгерсе, оныңболашақта өз тілінде сөйлеуіне кедергі болмайды.
Сонымен қатар, тілдің дамуы заман талабынасай болуы тиіс. Цифрлық технология, интернет, ақпараттық кеңістік қазақ тілінде қолжетімді болуыкерек. Қазақ тіліндегі сапалы контенттің артуы – оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
“Тіл мүддесі – ел мүддесі” деген ұстаным әрбіразаматтың жүрегінде болуы керек. Мемлекетіміздіңтұтастығы мен тұрақтылығы үшін қазақ тілініңдамуы аса маңызды. Ол үшін мемлекеттік деңгейдеде, жеке азамат ретінде де тілімізге жанашырлықтанытуымыз қажет. Ана тілімізді құрметтеу – елдігімізді сүюмен тең. Сондықтан әрбірқазақстандық қазақ тілін білуге, оны қадірлеуге, дамытуға және болашақ ұрпаққа аманат етугежауапты. Тіл – ұлттың жаны, ал оны сақтау – ел болашағын қорғау деген сөз.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы З.А.Габоева