ХАМИТ ЕСАМАН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛДЫ

Хамит Ерболатұлы Есаман Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды assaaqparat.kz сайты Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Хамит Ерболатұлы 1986 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінде тілші болып бастаған.
2009-2012 жылдары Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде тілші болған. 2012-2013 жылдары Астана қалалық «Астана ақшамы» газетінде тілші, 2013-2014 жылдары Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінде шығармашылық топ жетекшісі, 2014-2017 жылдары Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінде «Мәдениет және руханият» бөлімінің меңгерушісі болған.
2017-2022 жылдары республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2022 жылғы 9 маусымнан бастап күні бүгінге дейін Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді.
Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының Жамбыл облысы бойынша өкілі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» атағын алған, ҚР Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» республикалық әдеби конкурсының бас жүлдегері, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша 2008 жылы «Ағаның бүрі», 2013 жылы «Қараша хаттары» және 2023 жылы «Фәни-Құбылыс» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Өлеңдері түрік, испан, әзірбайжан тілдеріне аударылған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.