ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

Заңнамалық бастамалар

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының (2024 жылғы 18 наурыз, Атырау қаласы)нәтижесінде 10 заң жобасына бастамашылық жасалып, 9 заң қабылданды.  

1. Әйелдердің құқытары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулер

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейту (педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру) және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің алдын алу шараларының тұтас кешені.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойды

2. Вейптер мен түтінсіз темекі өнімдеріне тыйым салу бойынша түзетулер

Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптер) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық заңнамалық тыйым салу.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 сәуірде қол қойды

3. Мемлекеттік наградалар туралы түзетулер

«Айбын» орденінің дәрежелеріне Ұлы Отан соғысы батырларының есімдері берілді (Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев). Жаңа үлгідегі алғашқы марапаттар 2024 жылдың 6 мамырында табыс етілді

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 26 сәуірде қол қойды

4. Онамастика мәселелеріне қатысты түзетулер

Енді барлық атауларды өзгерту және беру орталық уәкілетті органмен келісілуі керек.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде қол қойды

5. Символиканың ортақ стандартына қатысты түзетулер

Әкімдік өңірлік рәміздерді мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған және мәслихат бекітетін ережелер негізінде әзірлейді.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде қол қойды

6. Құмар ойындар, лотереялар мен олардың қызмет мәселелеріне түзетулер

Шамамен 3,5 миллион адамды құрайтын Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енген тұлғаларға қатысты шектеу шараларын енгізу. Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салу. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың сыртқы жарнамасына, сондай-ақ ұялы телефондарға жарнамасы бар мәтіндік хабарламалар жіберуге тыйым салынды. Шетелдік букмекерлік кеңселердің, лицензиясы жоқ тотализаторлардың және онлайн казинолардың интернет ресурстарына толық тыйым салу. Лудоманиядан зардап шегетін азаматтарды оңалту бойынша бірқатар шаралар қарастырылған.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 8 шілдеде қол қойды

7. Табиғи объектілер қорғау мен вандализм бойынша түзетулер

Вандализмге жататын: қоғамдық аймақтарды ластағаны үшін; бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін; тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғат кешендерін, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, өнер немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жазаны күшейту.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 8 шілдеде қол қойды

8. Құрметті атақтар бойынша түзетулер

Мемлекеттік наградалар жүйесіне 9 жаңа құрметті атақ қосылды (қолданыстағы 6 құрметті атаққа қосымша). Ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілер мен құрылысшыларға, кеншілерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласы қызметкерлеріне арналған құрметті атақтар қосылды.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қол қойды

9. Есірткі жеткізушілер мен өндірушілердің жауапкершлігін саралау бойынша түзетулер

Бұл қылмысты алғаш рет жасаған қарапайым есірткі жеткізушілері немесе «есірткі сатушылар» деп аталатындар үшін жаза жеңілдетілді. Сонымен бірге, есiрткi заттарын өндiру мен өткiзудi ұйымдастырғаны үшiн қылмыстық жауаптылықты, оның iшiнде өмiр бойына бас бостандығынан айыруды қоса алғанда, қатайтатын нормалар енгiзiлдi. Синтетикалық есірткі компоненттерінің заңсыз айналымы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 2 қаңтарда қол қойды

10. Археология саласындағы түзетулер

Археологиялық қызметті ретке келтіру және археология саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде лицензиялауды оңтайландыруды және заңсыз археологиялық қазбалар үшін жазаны қатайтуды көздейді.

Мәжіліс комитеті 2025 жылғы 29 қаңтарда жұмысқа қабылдады

Жүзеге асырылатын маңызды бастамалар

1. Құндылықтарды дәріптеу
Ұлттық құрылтайдың III отырысы ортақ ұлттық құндылықтарды белгілеп берді. Олар: Тәуелсіздік пен Отаншылдық, Бірлік пен Ынтымақ, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық пен Жаңашылдық.
Аталған құндылықтар мектептегі тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасына негіз болды.

2. Тәрбие жұмысы бағдарламасын жаңарту және оны білім беруде енгізу
20224 жылғы 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектептерінде «Біртұтас тәрбие» бірыңғайы білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады.
Тұңғыш рет барлық мектептерде оқу-тәрбие процесі Ұлттық құрылтайдың ІІІ сессиясында тұжырымдалған құндылықтар тізбесі негізінде құрылған бірыңғайбағдарламамен ұйымдастырылады.
Жаңа бағдарламаның басты айырмашылығы – мектеп-ата-ана-қоғам байланысын ескере отырып, балабақшадан бастап жоғары сыныптарға дейінгі білім беруде жүйелі тәсілдерді қолдану және және практикалық әрекеттер арқылы құндылық бағдарларын нығайту.
Бұрын оқу жылында орта есеппен 240 сыныптан тыс іс-шара өткізілсе, жаңа бағдарлама сәйкес саны 55-ке дейін қысқарды. Бұл тәрбие жұмысы бойынша бас мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жүктемесін айтарлықтай азайтып, мектептегі оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырады. Яғни, атқарылып жатқан тәрбие жұмысының санына емес, мазмұны мен сапасына мән беріледі.
Сондай-ақ қажет болған жағдайда мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының бағдарламасына қажетті түзетулер енгізіліп, жаңа тәсілдердің іске асырылу барысы мен тиімділігіне үздіксіз талдау жүргізіледі;
Келесі кезеңтәрбие жұмысы бағдарламасының негіздерн мектептердің білім беру бағдарламасына енгізу.

3. Ұлттық кітап күнін белгілеу
Алғаш рет 2025 жылғы 23 сәуірде атап өтіледі.

4. Қазақстан мәдениетін ел ішінде және шетелде насихаттау. Белгілі тұлғалардың шығармашылығын кеңінен насихаттау.
«Беташар» ұлттық дәстүрі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне 13 элемент енгізілген.
БҰҰ-ның алты ресми тілі мен қазақ және түрік тілдерін қамтитын «Qazaq Culture» сегіз тілде ақпараттық-білім беру платформасы іске қосылды.
2024 жылы шетелде қазақ қайраткерлерінің есімдері ұлықталды. Түркіменстанда, Тәжікстанда, ТатарстандаҚұрманғазы мен Абайдың ескерткіштері мен бюсттері орнатылды.
2024 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің 90 жылдығы, Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығы, Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 90 жылдығы, Герольд Бельгердің 90 жылдығы, Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығы, Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығы кеңінен атап өтілді.

5. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасы

Жұмысшы мамандықтар беделін арттыру

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп бекітіп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жариялады.
Мемлекеттік наградалар жүйесіне 9 жаңа құрметті атақ (ғалымдар мен өнертапқыштар, инженерлер, сәулетшілер мен құрылысшылар, кеншілер, геологтар, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласының қызметкерлері үшін) қосылды (қолданыстағы 6 құрметті атаққа қосымша).
63 кәсіби мерекені, оның ішінде Еңбек күнін атап өтуге ерекше көңіл бөлінеді.
Жыл сайын мемлекеттік наградалармен марапатталған жұмысшы мамандар мен еңбек өкілдерінің саны артып келеді.

6. Білімнің беделі. Ғылым мен білімнің дамуы
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында: 105 жаңа мектеп салынды, оның 36-сы ауылдық жерлерде. 2025 жылы – 112 мектеп салынады.
Мектептерде STEM зертханалары, робототехника кабинеттері, спорт залдары мен демалыс орындары құрылды.
2024 жылы студенттердің шәкіртақысын арттыру: Бакалавриат: 47 135 теңге (мұғалімдер мен дәрігерлерге – 75 600 теңге). Интерндер: 85 376 теңге, резиденттер – 123 122 теңге. Магистранттар: 107 061 теңге, докторанттар – 240 000 теңге.
Шетелдік жоғары оқу орындарының 12 филиалы ашылды. 12 елдің университеттерімен 23 серіктестік жасалды.
Үміткерлерді іріктеуде әділ көзқарасты қамтамасыз ету үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының ережелеріне өзгерістер енгізілді. (3 турмен жаңа конкурстық іріктеу тетігі, түлектердің оқуды өтеуі және т.б.)
2024 жылы мемлекеттік наградалармен марапатталғандардың арасында ұстаздар мен ғалымдар көп. Мысалы, «Қазақстанның еңбек ері» атағы Асқар Жұмаділдаевқа (ғалым) жәнеұстаздар Гүлжанар Нұрпейісова мен Эльмара Трайсоваға табысталды. 80-нен астам ғалым марапатталды.

7. Ономастикалық жұмыстарды орталықтандыру, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттігіміздің мұраттарын қамтитын негізгі ұғымдарға мән бере отырып, ескерткіштер орнатуды реттеу.
Ономастика саласында жұмыстар ретке келтірілді.
Жол картасын іске асыру мерзімі – 2024-2028 жылдарға дейін ұзартылды (2024-2025 жылдардың орнына). Ономастикалық жұмыстарға қажетті тізімдер («Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар») жаңартылды.
Ономастикалық мәселелер бойынша түзетулер – заңға Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 мамырда қол қойды. Барлық атауларды өзгерту және атауларды беру енді Мәдениет министрлігімен келісілуі керек.
Ескерткіштер орнатудың жаңа қағидалары бекітілді (23.12.2024 ж.)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына сыртқы түрі немесе атауы жағынан толық немесе қандай да бір бөлігінде ұқсас ордендер мен медальдарды, төсбелгілерді және құжаттарды белгілеуге және дайындауға тыйым салатын заң (Президент 2025 жылғы 13 қаңтарда қол қойған) қабылданды. Қазақстан Республикасының, Қазақстан халқының және Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік емес наградалармен марапаттауға жол берілмейді.

8. Қоғамдағы кеселдерге қарсы күрес

Лудорманиямен күрес: 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз құмар ойындар мен лудоманиямен күресудің кешенді жоспары қабылданды.

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес:

Есірткі жеткізушілер мен өндірушілердің жауапкершлігін саралау бойынша заң қабылданды (Президент 2025 жылғы 2 қаңтарда қол қойды).

Бұл қылмысты алғаш рет жасаған қарапайым есірткі жеткізушілер немесе «есірткі сатушылар» деп аталатындар үшін жаза жеңілдетілді.
Сонымен бірге, есiрткi заттарын өндiру мен өткiзудi ұйымдастырғаны үшiн қылмыстық жауаптылықты, оның iшiнде өмiр бойына бас бостандығынан айыруды қоса алғанда, қатайтатын нормалар енгiзiлдi. Синтетикалық есірткі компоненттерінің заңсыз айналымы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылуда.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес:

15 сәуірде Президент әйелдердіңқұқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы заңға қол қойды. (2024 жылғы 16 маусымда қолданысқа енгізілді).
Қылмыстық жауаптылықты күшейту
Денеге қасақана жеңіл зиян келтіру (мысалы сызат, көгеру немесе буынынаншығып кету) үшін жаза енгізілді.
Психологиялық көмек және отбасын қолдау орталықтары. «111» қызметі.

Вандализмге қарсы күрес:

2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы бұзақылық, вандализм және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру үшін жазаны қатайтатын заңға қол қойды. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтау және заңға бағынатын азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызды.

9. Жеңістің 80 жылдығы
2024 жылғы 31 желтоқсанда Үкімет қаулысымен 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындық және мерекелеу жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» іс-шаралар жоспары (94 тармақтан тұратын) бекітілді.
Өңірлік жоспарлар орындалады.
Елді мекендерге, көшелерге, оқу орындарына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін беру.
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерткіштерін, монументтерін, жерленген жерлерін қалпына келтіру, жөндеу және абаттандыру.
Әлеуметтік көмек.
Жастар арасында әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу.
«Айбын» орденінің дәрежелері Ұлы Отан соғысы батырларының есімдерімен аталды(Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев). Жаңа модельдегі алғашқы марапаттар 2024 жылдың 6 мамырында табысталды.
2024 жылғы 9 мамырда Талдықорғанда Қорғаныс министрі                      Р.Жақсылықовтың қатысуымен Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің авиабазасына екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганскийдің есімін беруге арналған салтанатты шара өтті.

10. Төрт ауқымды инфракұрылымдық бастама

2024 жылы жалпы инвестиция көлемі 40 триллион теңгеден асатын, 200-ден астам жобаны іске асыруды көздейтін 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары қабылданды.

Энергетикалық инфрақұрылым:

2024 жылы республикалық бюджеттен 14 жобаға қаражат бөлінді, оның 6-ы жылумен, ал 8-і электрмен жабдықтауға қатысты.
Теңгедегі қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды. Қазіргі уақытта инвестициялық келісімдер бойынша жалпы қуаты 2,48 ГВт болатын 19 келісім қолданылады.
Биыл энергетика саласында қуаты 600 мегаваттан асатын ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Көлік инфрақұрылымы:

2024 жылы 12 мың шақырым жолды жөндеу және салу жұмыстары басталды. Оның 7 мыңнан астамы аяқталды.
2024 жылы іске қосылған барлық жолдардың жалпы ұзындығы 1,6 мың км құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Негізгі халықаралық автожол дәліздері іске қосылды. Олар: «Талдықорған – Өскемен», «Қарағанды – Алматы», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» (шартты түрде 25 желтоқсанда).
2024 жылдың қазан айында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Бұл – ұзындығы 1316 м құрайтын елдегі ең ұзын көпір.
Еліміздің 8 әуежайы күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті.
Алматы, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары пайдалануға берілді. Алматыдағы терминалдың өткізу қабілеті 6 есеге (жылына 2,5 миллионнан 14 миллион жолаушыға), Шымкентте 7,5 есеге, Қызылордада 7 есеге (жылына 300 мыңнан 2 миллион жолаушыға) ұлғайтылды.
Шымкент, Павлодар, Түркістан және Қызылорда қалаларының теміржол вокзалдарын қайта құру аяқталды. 1,4 мың шақырым теміржол жөнделді.
2025 жылы ұзындығы 836 шақырым болатын Достық-Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолының құрылысы аяқталады. Маршруттың өткізу қабілеті бес есе артады, ал контейнерлік пойыздардың жылдамдығы айтарлықтай ұлғаяды. Бұл ауқымды жоба алғаш рет отандық дизайнерлердің, инженерлердің, құрылысшылардың күшімен жүзеге асты.

Елді мекендерге газ жеткізу:

2024 жылға 200 газбен жабдықтау жобасы (4129 км) жоспарланған.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шамамен 3583 шақырым газ құбыры салынды.
Қалған 546 шақырымды ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін салу жоспарланған.
11 айдың қорытындысы бойынша биылғы жылдың соңына дейін 106 мың адам газбен жабдықтауға қол жеткізді. Қосымша 194 мың адам газбен жабдықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.