АСА АУЫЛЫНДАҒЫ ӨРТ ТОЛЫҚТАЙ СӨНДІРІЛДІ

2021 жылдың 29 қазанда сағат 12.05-те аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне өрт оқиғасы туралы хабарлама түскен.

Хабарламаға сәйкес, Аса ауылында орналасқан «Амангелді» газ өндіру зауытының дизель отыны сақтайтын қоймасында өрт орын алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге аудандық ТЖ бөлімінің 9 арнайы техникасы жұмыс жасап, өртті ауыздықтады. Адамдар зардап шекпеген.

Жедел-жәрдем, полиция қызметкерлері оқиға орнында өз жұмыстарын жүргізуде. Өрттің орын алу себептері анықталуда.

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев оқиға орнына барып, жағдайдың жіті қаралатынын, алаңдауға еш себеп жоқ екенін жеткізді .

(С) Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.