ОРАЛХАН ДӘУІТ ПЕН МАРЖАН РАҚАЙ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов «Aulieata-media» серіктестігінің ұжымына қос бірдей бас редакторды таныстырды деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты Жамбыл Инфоға сілтеме жасап.

Оралхан Дәуіт Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін республикалық және аймақтық басылымдарда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Түркістан», «Оңтүстік Қазақстан», «Арай», «Мархабат» сияқты беделді газет-журналдарда әртүрлі лауазымдар атқарған.

Дәл осы күні белгілі журналист Маржан Рақай республикалық «Тектұрмас» журналының бас редакторы болып бекітілді. Ол бұған дейін «Aq jol» газетінде тілші, бөлім басшысы, жауапты хатшы болып қызмет еткен. ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.