Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Жанболат Нұрмолдаұлы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды деп хабарлайды http://asaaqparat.kz

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмысына бағыт-бағдар беріп, сәттілік тіледі.
Жанболат Нұрмолдаұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» және «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.