Сот жүйесі – құқықтық мемлекеттіңнегізі. Қоғамда әділдік пен тәртіпті сақтауүшін сот процестері ашық әрі әділетті болуытиіс. Бұл – азаматтардың заң алдындағытеңдігін қамтамасыз етудің басты жолы.
Сот отырысының ашықтығы – бұлазаматтардың, журналистердің және басқамүдделі тараптардың сот процесінеқатысуына мүмкіндік беру. Ашықтық – қоғамның сот жүйесіне деген сенімінарттырады. Егер сот процестері жабық түрдеөтсе, ол халық арасында күмән мен наразылық тудырады. Ал ашық сот істеріадамдарға заңның қалай жұмыс істейтінінкөруге жол ашады.
Сот отырысының ашықтығы тек процестің жария түрде өтуімен шектелмейді. Ол сонымен қатар сот актілерініңқолжетімділігімен, онлайн сот процестерімен, баспасөз қызметінің белсенділігімен тығызбайланысты. Азаматтар мен БАҚ өкілдеріүшін сот шешімдері мен үкімдерге еркін қолжеткізу мүмкіндігі – ашықтық қағидатыныңбір көрінісі.
Әділеттілік – сот шешімінің заңға сай, бейтарап және нақты дәлелдерге негізделіпшығуы. Әділ сот жүйесі – кез келгеназаматтың құқығын қорғаудың кепілі. Судьялар өз шешімін шығарарда ешкімніңықпалына түспей, заң талаптарынбасшылыққа алуы тиіс. Сондай-ақ, әділеттілік – тек жаза тағайындау ғана емес, құқық бұзушылықтың шынайы мән-жайынанықтап, тараптардың уәждерін тыңдап, жан-жақты әрі теңгерімді шешім қабылдау.
Ашықтық пен әділеттілік – бір-біріментығыз байланысты. Ашық өткен сот отырысысудьяның бейтараптығын көрсетеді жәнеүкімнің әділ шыққанына қоғам көз жеткізеалады. Сонымен қатар, бұл тараптардыңүдеріс барысында өздерін еркін әрі қауіпсізсезінуіне, соттың әділ өтуіне сенуінемүмкіндік береді.
Сот жүйесінің заманауитехнологиялармен жабдықталуы да ашықтықпен әділеттілікті қамтамасыз етудің бір жолы. Электронды сот жүйесі, аудио-бейнежазбалар жүргізу, онлайн сот отырыстары – мұның бәрі сот жұмысының айқын әрі есепберетін деңгейге жетуіне ықпал етеді.
Қорытындылай келе, сот отырысыныңашықтығы мен әділеттілігі – құқықтықмемлекеттің басты белгілерінің бірі. Мұндайжүйе халықтың сенімін арттырып, әділ қоғаморнатуға ықпал етеді. Әділ әрі ашық сот – бұлдемократиялық мемлекеттің айнасы, ал сотқасенім – қоғамның құқықтық мәдениетініңкөрсеткіші.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Е.Байсенгиров