2025 жыл – Қазақстан Республикасының сот жүйесінде ауқымды реформалармен ерекшеленіпотырған жыл. Бұл жылы құқықтық мемлекетқағидаттарын тереңдетуге бағытталған маңыздықадам жасалып, сот төрелігінің жаңа сатысы – кассациялық сотты енгізу арқылы заңнамалықөзгерістер күшіне енді.
Жаңа саты – Кассациялық сот
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялықзаңға 2024 жылғы 5 шілдеде 109-VIII ҚазақстанРеспубликасының Конституциялық Заңымененгізілген өзгерістердің ішіндегі ең маңыздысы – кассациялық сатының құрылуы болды. Бұл өзгерісел Президентінің 2023 жылғы 12 қыркүйектебизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуіндекөтерілген мәселе негізінде жүзеге асты.
2025 жылы енгізілген өзгерістер осы сот сатысының тиімділігін арттыруға бағытталды. Кассациялық шағым беру рәсімі айтарлықтайжеңілдетіліп, процестік икемділік қамтамасызетілді. Электронды шағым беру мүмкіндігікеңейтіліп, автоматтандырылған іріктеу жүйесіенгізілді. Бұл жаңашылдықтар сот төрелігініңжеделдігі мен сапасын арттыруға, азаматтар үшінқолжетімділікті күшейтуге септігін тигізеді.
Кассациялық сот енді сот практикасынқалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл сатыдашығарылған шешімдер мен қаулылар құқыққолдану тәжірибесіне бағыт-бағдар береді. Мұндайтәсіл құқық нормаларын түсіндіру мен қолданудыңбірізділігін қамтамасыз етеді және құқықтықайқындықты күшейтеді.
Сонымен қатар, 2025 жылғыжаңашылдықтардың бірі – Кассациялық сот актілерінің прецеденттік рөлін нығайту. Енді бұлсатыда қабылданған шешімдер төменгі сатыдағысоттар үшін бағыттаушы сипатқа ие болады. Бұлқұқық нормаларының әртүрлі түсіндірілуінболдырмай, сот жүйесінің тұтастығын қамтамасызетеді.
Сот актілеріне қойылатын талаптар да күшейтілді. Енді әрбір шешімнің заңдық негізіменқатар, оның қоғамдық мәні мен салдары да ескерілуі тиіс. Бұл сот билігінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін арттыруғабағытталған маңызды өзгеріс.
Сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуүшін Кассациялық сотта қаралған істердіңқорытындылары мен құқықтық ұстанымдары ашықжарияланып, халыққа құқықтық түсіндіружұмыстары жүргізіле бастады. Бұл бастамаазаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, сот жүйесіне деген сенімді нығайтады.
Кассациялық сот – азаматтардыңКонституциямен кепілдендірілген құқықтарынқорғаудың соңғы әрі сенімді сатысы. Оның тиімдіқызметі – құқық үстемдігі мен азаматтардыңсеніміне негізделген әділетті қоғамның берік тірегі.
2025 жылы енгізілген кассациялық сатыдағыреформалар – сот төрелігінің сапасын арттыруғабағытталған батыл әрі жүйелі қадам. Бұлжаңашылдықтар сот шешімдерінің әділдігі мен заңдылығын қамтамасыз етумен қатар, елдегіқұқықтық мәдениетті қалыптастыруға зор үлесқосады.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының сот әкімшісі басшысы С.Ж.Тулеубаев