Жуалы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары өтті.
Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған бәсекеде ауданымыздың намысын қорғаған №13 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мақтаныштары бокстан жоғары жетістікке қол жеткізді. Атап айтсақ, өз салмақ дәрежесінде Мейіржан Шағатай, Айбек Оңалбек, Ержігіт Сембек, Мұхамадәли Ибрагимов алтын медальға қол жеткізсе, Сырым Нұрхалық, Хасан Чопоков қола медальды қанағат тұтты.
Күні кеше жазғы ауыл ойындарынан жүлдемен оралған жасөспірімдерді спорт мектебі директорының міндетін атқарушы Ержан Асанқұлов арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. Алдағы уақытта бәсі биік бәсекелерде бұдан да жоғары жетістікке жетулеріне тілек білдірді.
Алтынай Балабекова,
спорт мектебінің әдіскері.