Қазақстан – сан түрлі ұлт пен ұлыстыңынтымағы жарасқан мемлекет. Мұндай көпэтностықоғамда елдің тұрақтылығы мен дамуы үшінхалықты біріктіретін ортақ құндылықтар қажет. Сол құндылықтардың ең бастысы – мемлекеттіктіл. Қазақ тілі – еліміздің Туы, Елтаңбасы, Әнұранысекілді тәуелсіздігіміздің нышаны, руханитұтастығымыздың тірегі.
1997 жылы қабылданған «ҚазақстанРеспубликасындағы Тіл туралы» Заңда қазақ тілімемлекеттік тіл ретінде белгіленді. Бұл заңмемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлықсаласында қолданылуын қамтамасыз етугебағытталған. Конституцияның 7-бабында да: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазылған.
Мемлекеттік тіл – тек қатынас құралы емес, ол– елді біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратынкүш. Бір тілді меңгеру арқылы әр азамат елдіңмәдениеті мен тарихына терең бойлайды. Әсіресе, мемлекеттік тілді білу – қазақстандықпатриотизмнің көрінісі. Бұл ұлтқа бөлінбей, баршахалыққа ортақ, құрметпен қарауға тиіс ортақміндет.
Тілдік бірлік – ұлттық қауіпсіздіктің де маңызды бөлігі. Егер ел ішіндегі барлық азаматортақ мемлекеттік тілде сөйлесе, түсіністік, өзарақұрмет, бірлік артады. Бұл ішкі тұрақтылық пен қоғамдағы келісімді нығайтады. Яғни, қазақ тілініңкең қолданылуы – елдің бірігуіне, болашаққасеніммен қадам басуына ықпал етеді.
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшінмемлекет түрлі бағдарламалар жүзеге асырыпкеледі. Соңғы жылдары:
• Мектептер мен балабақшаларда қазақ тіліндебілім беретін сыныптар саны артты;
• Мемлекеттік қызметшілер үшін тілдікталаптар күшейтілді;
• Қазақ тілді БАҚ, цифрлық контент, кино жәнекітаптар көбейді;
• Этностар арасында қазақ тілін үйренугеқызығушылық артты.
Сонымен қатар, цифрлық платформалар ментегін онлайн курстар арқылы тіл үйренумүмкіндіктері кеңейді. Бұл – қазақ тілінің заманталабына сай дамып келе жатқанын көрсетеді.
Қазақ тілінің тағдыры – Қазақстан халқыныңтағдыры. Мемлекеттік тіл – әр азаматтың жүрегінежол табатын, ұрпақтың бойына елдік рух пен бірлікдәнін егетін күш. Сондықтан қазақ тілін білу – тек тілдік білім емес, ол – елге деген құрмет, ортақжауапкершілік. Мемлекеттік тілдің мерейі үстемболса, елдің бірлігі мен болашағы да жарқынболмақ.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маманы Е.Е.Қыдырәлі