Ұлттық санақ – ауыл болашағының кілті

Ауыл шаруашылығы – елдің экономикалық тұрақтылығы мен болашағының негізі. Егілген әр дән, алынған әр өнім мемлекет өркендеуіне үлес қосады.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – аграрлық секторды кешенді зерттеуге арналған маңызды шара. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, фермерлер, жер иелері және кәсіпкерлер туралы деректер жинауға бағытталған. Бұл деректер аграрлық саясатты қалыптастыруға, өнім өндіру мен өңдеуді тиімді етуге көмектеседі.

Санақ мерзімі: 2025 жылғы 1 тамыз – 20 қазан аралығы.

1–31 тамыз: онлайн (sanaq.gov.kz).

20 қыркүйек – 20 қазан: офлайн, интервьюерлер планшетпен келеді.

Интервьюерлер көк түсті жилет пен қалпақ киіп, куәлікпен жүреді. Деректер бірден бірыңғай базаға түсіп, құпиялылық заңмен қорғалады.

Сұрақтар бойынша жедел желіге хабарласуға болады.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – ауылдың болашағын айқындайтын маңызды қадам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.