Ауыл болашағы — санақ нәтижесінде

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының тұрақтылығы мен болашағының тірегі. Егілген әрбір дән мен алынған өнім – мемлекеттің өркендеуіне қосылған үлес.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – аграрлық саланы кешенді зерттеп, оның дамуына бағыт-бағдар беретін маңызды шара. Санақтың басты мақсаты – агросекторды дамытуға қажет нақты деректерді жинау. Бұл деректер ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өңдеу, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану және аграрлық саясатты жетілдіру үшін негіз болады.

Санақ барысында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, жер иелері, фермерлер және кәсіпкерлер туралы мәліметтер жиналады. Барлық процесс заманауи технологиялар арқылы жүргізіледі.

Жауап беру – оңай әрі жылдам. Сұрақтарға интернет арқылы немесе санақ қызметкерлері арқылы жауап беруге болады. Әрбір жауап – ауыл шаруашылығының болашақ бағытын айқындайтын маңызды дерек.

Санақ қалай өтеді?

Санақ 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында екі кезеңде ұйымдастырылады:

1–31 тамыз: онлайн режимде (sanaq.gov.kz).

20 қыркүйек – 20 қазан: офлайн форматта, интервьюерлер планшет арқылы сауалнама алады.

Интервьюерлер көк түсті жилет пен қалпақ киіп, куәліктерімен жүреді. Оларды тексеру үшін sanaq.gov.kz сайтына кіре аласыз.

Барлық дерек құпиялығы заңмен қорғалады. Сұрақ туындаса, жедел желіге хабарласуға болады.

  • Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – үлкен өзгерістердің бастауы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.