Павлодар облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көрнекі ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты республикалық оқушылар арасындағы айтыс өз мәресіне жетті.
Қара сөзден қыл суырып, тапқырлығымен көзге түскен Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айдаралы Алина(жетекшісі Құралай Раймбекова) Жамбыл облысының атынан өнер көрсетіп, 2 орынның жүлдесін қанжығасына байлады. Оқушыға 2-ші дәрежелі дипломмен бірге 70 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Өз кезегінде облыстың атын шығарып, өнерімен тәнті еткен оқуышыға Жамбыл ауданының бас ұстазы Раушан Қожамжарова ыстық ықыласын жеткізіп, ізгі тілегін білдірді.
Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы