Алаяқтық қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады.
Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкінжымқыру, яғни интернет алаяқтық болып отыр.
Яғни бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап, мүлкін жымқыру секілдіжымысқы әрекеттерге барады. Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әртүрлі интернет ресурстарымен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып алаяқтардыңарбауына түскен алданушылар саны күн санап өсуде.
Интернет алаяқтар қазір елдің ақшасын интернет-мессенджерлер арқылы үптеп кетуге тырысады. Қаржыжобаларын ұсынып, өзін брокермін деп таныстыратыналаяқтар да қаптап кеткен. Қазіргі кезде инвестициялықжобаларға қатысты алаяқтық жиілеген. Азаматтар жинағанақшаларын қаржы жобаларына саламыз деп сан соғыпжатады. Одан өзге әлі алмаған тауарына немесе қызметкеақша жіберіп, алданып жатады.
Интернет алаяқтықтың бір түрі – фишинг. Бұл – интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу. Қаскүнемдер алдымен танымалбрендтердің немесе банктердің атынан жаппай электрондыхаттар таратады.
Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізгеөзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келгенхаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жердекөрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайлардымүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек жәнеміндетті түрде вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданғанжөн.
Еліміздің банктері мен байланыс операторларыалаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеме жасап отырады.
Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:
— Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз:
— Кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың жәнешоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресеинтернет арқылы байланысқан кезде:
— Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткенкезде мекенжай жолына, яғни акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауының дұрыстығына назараударыңыз;
— Әлеуметтік желілердегі өз профильіңіздің дербестігінбаптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жекетелефон номерлерін)көпшілікке қол жетімді етпеген жөн. Мобильдік нөмерді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болғанжағдайда, жеке және жұмыс номерлерін бөлу қажет, яғнижеке номерді туыстармен және жақындармен байланысуүшін ғана пайдаланған дұрыс.
— Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп көп факторлыаутентификация пайдаланылатын сенімді порольдердіқолданыңыз;
— Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдікқұрылғыларды пайда болатын түрлі терезелерменхабарламаларға қатысты абай болыңыз;
— Банк карталарының деректерін сақтап, картаның сыртқыжағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңызсондай-ақ банктен келіп түсетін СМС-кодты ешбіржағдайда бейтаныс адамға айтпаңыз;
— Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fі-нүктелеріне сенбеңіз;
— Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтердіқамтитын құжаттарды, банк карталарының көшірмелері мен фотосуреттерін ешкімге жіберменіңіз және таратпаңыз;
— Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылыжасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз:
— Интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезіндеешқашан алдын ала келісім жасамаңыз:
— Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз:
— Автомобилдерді, басқа қалаға арналған қосалқыбөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатыпалынған өнімді тексеруді өтініңіз.
— Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарынорындамаңыз; Интернет-алаяқтық жаһандық мәселегеайналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту жәнесақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді жәнежеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің басшысы Тулеубаев С.Ж