Тараз қаласында учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың республикалық слеті өтті деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты
Слетте республикалық байқаудың бірнеше номинация бойынша үздіктер анықталды. Соның ішінен Жамбыл ауданы мен облыстан үздік шыққан Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Азизжон Пайзиев Республиканың ең үздік учаскелік инспекторы атағын жеңіп алды.
Бұл күні Азизжон Пайзиевка подполковник шені мен қызметтік көлік табысталды. Жамбыл ауданының атын республикаға танытқан жеңімпазды Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Сәпиев пен оның орынбасары Нүркен Төлеуішов арнайы құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.