Қазақстан – сан түрлі ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағы астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт мекен. Еліміздегі ұлтаралық келісім мен достық – ең қымбат қазынамыз. Осы құндылықтарды сақтау мен нығайтуда этномәдени бірлестіктердің рөлі орасан зор. Соның жарқын мысалы – Қордай ауданындағы Масанчи ауылдық дүнген этномәдени орталығы.
2025 жылдың алғашқы жартысында орталық бірлік пен өзара түсіністікті, жастардың тәрбиесін және дүнген халқының мәдениетін насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Аналар кеңесінің бастамасымен ерте жүктіліктің және суицидтің алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдер мен жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, олардың бойында жауапкершілік пен өзара сыйластық сезімін арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар ауыл жастары мен мекеме қызметкерлері бірігіп 500-ге жуық ағаш отырғызып, туған жердің экологиялық жағдайын жақсартуға атсалысты.