2025 жылғы 29 тамызда Жамбыл облысы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «ҚХА. Парламент. Мәслихаттар» тапсырмасы, «2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы» және Еңбек күніне орай Тараз қаласындағы «Өндірістік-сауда LL» компаниясының еңбек ұжымымен арнайы кездесу өтті.
Іс-шара Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «КӘСІПday» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба мақсаты — жастарды түрлі кәсіпорындар мен өндірістік орындардың жұмысымен таныстыру арқылы жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру.
Кездесуге ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейлхан, облыстық мәслихат депутаты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Жанат Бастаубаева, облыстық мәслихат депутаты, ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығының басшысы, облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Жалил Аббосов және жастар қатысты.
Кездесуді компания директоры Латиф Айдаров бастап, қонақтарға кәсіпорынның жұмыс процесі мен ұжым мүшелерінің қызметі жайлы таныстырылым жасады.
Салтанатты жиында Асқарбек Ақылшаұлы мен Жалил Азимұлы өндіріс саласында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалап, ақ тілектерін арнады.