№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Раисов Төрехан Алтынханұлының сайлауалды бағдарламасы

330

Мен, Раисов Төрехан Алтынханұлы, 1964 жылдың 30 тамызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келдім.

Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.

1981 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық университетін «Қара және түсті металдарды құю өндірісі», ал 2006 жылы Алматы қаласындағы Гуманитарлық-техникалық институтын «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1986 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында шебер болып бастадым. Кейін әртүрлі салада жетекшілік қызметтер атқарып, 1998 жылдан бері «Саят» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарып келемін.

Отбасылымын: төрт балам бар.

Халыққа қызмет – басты міндетім

Депутат болу – зор сенім мен үлкен жауапкершілік. Мәслихаттың қоғамдағы орны ерекше. ол – жергілікті дамудың айнасы, ел мен билік арасындағы сенім көпірі.

Мен өз өңірімнің өркендеуі жолында көптеген қоғамдық істерге атсалысып келемін. Егер сайлаушылар сенім білдіріп, облыстық мәслихат депутаты болып сайлансам, өз тәжірибем мен күш-жігерімді келесі бағыттарға жұмсаймын:

– ауыл шаруашылығын өңірдің негізгі экономикалық тірегіне айналдыру;

– суармалы жерлердің инфрақұрылымын жаңарту және суды үнемдеу технологияларын енгізу;

– фермерлерге жеңілдетілген несие, жанармай, тыңайтқыш және техника алуға нақты қолдау көрсету;

– экологиялық таза өнімдерді өңірлік бренд ретінде қалыптастырып, экспортқа шығару;

– ауылішілік және ауданаралық жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу;

– су, электр, газ желілерін жаңарту;

– шалғай ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету;

– жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салуға жағдай жасау;

– ауыл мен қала арасындағы қоғамдық көлік қатынасын жақсарту;

– мектептер мен мәдениет ошақтарын қайта жаңғырту;

– спорт және демалыс орталықтарын көбейту;

– дарынды жастарға облыстық деңгейде қолдау бағдарламаларын енгізу;

– ауылдық дәрігерлік пункттер мен амбулаторияларды жаңарту;

– телемедицина және жылжымалы медициналық қызмет түрлерін енгізу;

– көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдауды арттыру;

– ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы облыстық бағдарлама әзірлеу;

– жастардың өз ісін ашуына гранттар мен жеңіл несиелер бөлу;

– кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету;

– мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жергілікті деңгейде тиімді бақылау.

– судың, жердің және ауа сапасын қатаң бақылау;

– гістік пен жайылым жерлердің тозуын болдырмау;

– мәслихат шешімдерін қабылдауда тұрғындардың пікірін ескеру;

– барлық бастаманы ашық жариялап, «Халыққа есеп беру» дәстүрін қалыптастыру.

Құрметті сайлаушылар!

Менің мақсатым – әділетті қоғам мен өркендеген ауыл құруға үлес қосу.

Халықтың сенімін ақтап, әр отбасының игілігі үшін еңбек ету – менің азаматтық парызым.

Сіздерді жаңа, әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырамын! Бірлігіміз – берекеміз, ал ең бастысы – туған жеріміздің гүлденуі.

Тапсырыс беруші: №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Раисов Т.А.

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.