№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Шабанбаев Бақытжан Сағдиллаұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен, Шабанбаев Бақытжан Сағдиллаұлы, 1990 жылы 28 қазанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.

2010 жылы «Парасат» колледжін «Экономика» мамандығы бойынша, ал 2015 жылы академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдадым.

2012 жылдан бері облыс әкімдігі білім басқармасының аудандық білім бөлімінде инженер-құрылысшы болып еңбек етіп келемін.

Менің мақсатым – туған жердің игілігі жолында қызмет ету

Туған өлкем – Жамбыл жері мен үшін тек туған топырақ қана емес, өмірлік ұстазым, азаматтық қалыптасуымның өзегі. Халқымыздың тұрмысын жақсарту, ауылды дамыту, жастарға мүмкіндік жасау – өмірлік ұстанымымның негізі.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Оның өркендеуі – елдің өркендеуі. Сондықтан өзімнің бар білімім мен тәжірибемді ауыл тіршілігін жандандыруға, әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағыттауды азаматтық борышым деп білемін.

Егер мен ойлаған мақсатыма жетіп, депутат болып сайлансам, төмендегі басымдықтарды орындауға күш саламын.

– ауылішілік жолдарды жөндеу және асфальттау жұмыстарына қолдау көрсету;

– ауызсу, табиғи газ және электр желісімен қамтылмаған елді мекендердің мәселесін бақылауда ұстау;

– ескі білім, мәдениет және әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға ықпал ету;

– мектептерді заманауи жабдықтармен, интернетпен және интерактивті құралдармен қамтамасыз ету;

– оқушылар мен жастарға арналған тегін үйірмелер мен спорт секцияларын ашуға атсалысу;

– ауылға келген жас мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамту, көмек қаржы бөлу тетіктерін қарастыру.

– фельдшерлік пункттер мен амбулаторияларды жаңарту және қажетті құралдармен жабдықтау;

– ауыл дәрігерлеріне қолдау көрсету, көтерме жәрдемақы мен баспана мәселесін шешуге ықпал ету;

– тегін медициналық тексерістер мен скринингтік шараларды жиі ұйымдастыру;

– жастарға арналған кәсіптік бағдар беру, гранттық жобалар мен тренингтер өткізу;

– ауылдық жерлерде спорт және ойын алаңдарын көбейту;

– жастар арасында патриоттық рухты, мәдени және рухани құндылықтарды дәріптеу бағытындағы шараларды қолдау;

– кәсіп ашқысы келетін азаматтарға заңдық және қаржылық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттандыру;

– гранттар мен жеңілдетілген несиелер алуға жағдай жасау;

– ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытып, жергілікті өнімге сұранысты арттыру.

Құрметті сайлаушылар!

Халқымыздың әл-ауқаты мен туған жеріміздің өркендеуі – баршамыздың ортақ мұратымыз.

Менің басты мақсатым – халық пен билік арасындағы алтын көпір болу, ел тілегін естіп, оны шешудің нақты жолдарын ұсыну.

Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін зор жауапкершілік.

Егер қолдау білдірсеңіздер, туған өлкемнің дамуына адал еңбек етіп, әр бастамамды халық мүддесіне арнаймын.

Бірге болсақ, алынбайтын асу жоқ!

Сенімдеріңіз – менің басты күшім!

 

Тапсырыс беруші: №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Шабанбаев Б.С.

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.