Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы менотбасы институтының беріктігі көбіне ата-аналардың өз балаларына дегенжауапкершілігіне байланысты. Сол жауапкершіліктің ең маңызды түрлерінің бірі — алимент төлеу міндеті. Алимент — баланың өсіп-жетілуі, тәрбиесі мен білім алуына арналған қаржылық қолдау, яғни әрбір ата-ананың заңды және адамгершілік борышы.
Алайда тәжірибеде алимент төлеу бойынша міндеттерін орындамайтын тұлғалар аз емес. Мұндай жағдайларда баланың құқығы бұзылып, оның материалдық және моральдық жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан алимент бойынша берешекті анықтау — сот жүйесінің, соның ішінде әкімшілік және атқарушылық органдардың ерекше назарындағы мәселе.
Алимент бойынша берешек қалайанықталады?
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің170-бабына сәйкес, алимент бойынша берешекмөлшері сот актісінде немесе нотариалдыкуәландырылған келісімде көрсетілген соманынегізге ала отырып есептеледі. Егер төлеушітұрақты табысы бар болса, алимент ай сайынғы жалақыдан немесе өзге де кіріс көзінен ұсталады. Ал табыс көзі болмаған жағдайда, берешек есептеу кезінде ең төменгі жалақымөлшері ескеріледі.
Атқарушылық іс жүргізу барысы
Алимент өндіру туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, орындау парағы жеке сот орындаушысына беріледі. Сот орындаушысы борышкерден төлемді өндіріп алу, оның мүлкі мен табысын анықтау, сондай-ақ алимент төлемеу себептерін зерттеу бойынша шаралар қабылдайды. Берешек сомасы есептеліп, арнайы қаулы шығарылады.
Егер алимент төлеуші тұлға берешегін өтеуден жалтарса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс» және «Қылмыстық кодекс» нормаларына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Мысалы, алимент төлемегені үшін борышкерге әкімшілік айыппұл салынуы немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Ал ұзақ мерзімді төлемеу және жалтару фактісі анықталған жағдайда, қылмыстық іс қозғалады.
Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, алимент берешегін уақтылы анықтау мен өндіру баланың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Сондықтан соттар мен сот орындаушыларының өзара іс-қимылының тиімділігі аса маңызды. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру – қоғам алдындағы ортақ міндет.
Алимент төлеу — заң талабы ғана емес, ата-ананың бала алдындағы адамгершілік борышы. Әрбір ата-ана өз перзентінің болашағына бейжай қарамауы тиіс. Мемлекет тарапынан жасалатын құқықтық шаралар мен сот төрелігінің әділдігі — баланың аман-есен өсуіне, қоғамның тұрақты дамуына негіз болады
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Е.В.Романенко