Қазақ тілі – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің негізі, рухани байлығымыздың алтын арқауы. Конституциядақазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп айқын жазылғанымен, оның мемлекеттік басқару мен іс жүргізудегі нақты қолдану аясын кеңейту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет етуі – елдің бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Мемлекеттік басқару жүйесінде қабылданатыншешімдердің, ресми құжаттардың және сот актілерінің басым бөлігі қазақ тілінде рәсімделуі тиіс. Бұл — тек заң талабы ғана емес, сонымен бірге азаматтардың билікке деген сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды қадам.
Сот жүйесі – мемлекеттің беделін айқындайтын басты институттардың бірі. Сондықтан сот ісін жүргізуде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту ерекше маңызға ие.Азаматтар өз тілінде сот төрелігіне жүгіну мүмкіндігіне толық ие болуы қажет. Бұл – әділдік пен тең құқықтылық қағидаттарыныңнақты көрінісі.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда, соның ішінде соттарда іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру бағытында ауқымды жұмыстаржүргізілуде. Алайда бұл үдерісті жүйелі әрі нәтижелі ету үшін мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыру, ресми терминологияны біріздендіру, сондай-ақ электронды құжат айналымы жүйелерінде қазақ тілінің сапалы қолданысын қамтамасыз ету маңызды.
Мемлекеттік басқару тілі ретінде қазақ тілін орнықтыру — ұлттың болашағына салынған инвестиция. Тіл – елдіктің айнасы, ал мемлекеттік тіл – сол елдің егемендігін айқындайтын басты белгі. Әрбір мемлекеттік қызметші мен судья өз ісінде қазақ тілін құрметтеп, оны кәсіби қарым-қатынас құралына айналдырғанда ғана біз шын мәнінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере аламыз.
Қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттық болмысымыздың өзегі. Сондықтан оны мемлекеттік басқару тілі деңгейіне көтеру – баршамыздың азаматтықборышымыз.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.А.Саулембекова