«Ендігі мақсатым – әлем чемпионы атану»,

– дейді ел чемпионатының жеңімпазы Бақ-Даулет

Жуырда Теміртау қаласында жауынгерлік самбодан ел чемпионаты өтті. Бәсі биік бәсекеде жерлесіміз Бақ-Дәулет Тәжібай жасындай жарқырап, қарсылас біткенді қапы қалдырды.

Бойында намысы мен төзімділігі қатар қайнаған жас балуан облыстың намысын қорғап, ақтық сыңға сүрінбей жетті. Шешуші кездесуде де қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Білікті бапкерлер Данияр Молдағалиев пен Дархан Байбосыновтан тәлім алған Бақ-Дәулет Нұржанұлының ендігі арман-мақсаты – әлем чемпионы атану.
Ата-анасы мен жақындары Бақ-Дәулеттің алда талай белесті бағындырып, ел­дің атын әлемге танытатына сенімі мол. Әсі­ресе, ағасы Нүркен Смайлов бауырына әркез қолдау білдіріп, шаршы алаңға шық­қан кезде тақымын қысып отыратынын жеткізді.
Әрине, алдағы уақытта әлемдік біріншілікте балуанымыз бағын сынайтын болса, оған тек жақындары ғана емес, исі қазақ жанкүйер болатыны сөзсіз.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.