ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қауіпсіздік кепілі – полиция туралы жазып, көрсетіп, қызметкерлердің ерен еңбегі мен қауырт жұмысын жұртқа паш етіп жүрген журналистердің орнын ерекше.

Аймақтағы жаңалықтармен бөлісіп, Жамбыл ауданындағы полицияның ашықтығын дәріптеп келе жатқан қаншама мамандар бар. Солардың бірі де бірегейі — Гүлбаршын Қайратқызы басшылық ететін 36 жылдық тарихы бар «JAMBYL» телеарнасы.

Телеарна қызметкерлері маңызды да жауапты қызметтерді атқара жүріп, қайнаған ортадан қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде жүреді.

Жамбыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мадияр Қожахметов «JAMBYL» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаевамен кездесіп, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықпен күрес аясында ақпараттандыруға қосқан үлесі мен ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс айта отырып, арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат ұсынды.

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, әрбіріңізге шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.