Мөлдірде қазақы қызға тән қасиеттің бәрі бар

Жуырда Тараз қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала аясында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Әулиеата аруы-2021» облыстық байқауы өтіп, оған айшабибілік Мөлдір Зиябек қатысты.

Танымдық байқау «Білгенге маржан», «Сымбат пен сыры жарасқан», «Мен қазақтың қызымын», «Қыз өссе, елдің көркі» атты кезеңдерден тұрды. Байқауға аудандар мен Тараз қаласынынан іріктеліп шыққан 15 бұрымды бақ сынады. Қазылар алқасына ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Исматова, облыстық «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айбек Таутен, белгілі тележурналист Мөлдір Анарбаева, әнші Гүлшат Тінәсілова жайғасып, әділ бағасын берді.

Байқау нәтижесінде, бас жүлдені тараздық Ақбота Қосақбаева иеленсе, бірінші орын айшабибілік Мөлдірге бұйырды. Жүлделі екінші және үшінші орыннан сәйкесінше, Т.Рысқұлов ауданынан келген Жансая Сәрсенбаева мен халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Қарлығаш Сағатқызы көрінді.

Көрермен көзайымына айналған Мөлдір «Ерке сылқым» күйіне мың бұрала билеп, түрлі өнерімен көпке дейін тараздықтардың сыр сандығында сақталмақ. Бұрымдының жетекшісі, аталған білім ордасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахат Елеманова жас маманның алда талай асулардан өтіп, шыңдарды бағындыратына бек сенімді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.