Бернар қос жүлдені қоржынға салды



Араласымыз көп болмаса да, Бернар ағадан хабар келіп, шақыру түскенде әңгімелесуді асыға күтеміз. Жан дүниесі жәнаттық бақтан өрілгендей жұмсақ, пейілі ақ матадай арда азамат мүмкіндігі шектеулі жандарға қол созуды әдетке айналдырған. Оның үстіне аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің» тұрақты оқырманы атанған Бернар жуырда тірек қимылы зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасына қатысып, қос жүлдені қоржынға салды. Жеңіл атлетатикадан өткен бәсекеде жерлесіміз 1500 және 800 метрге жүгіруден қарсылас шақ келтірмей, аудан мерейін асқақтатты.

  •  – Өмір – ғажап. Ол мені жақсы көргендей, менде оның қызығын көруді ұнатамын. Бүгінгі бәсекені ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, – дейді чемпион бізге берген сұхбатында
Leave A Reply

Your email address will not be published.