Заң мен тәртіп қағидаты аясындағы «Qorgan» жобасы бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді

 

Заң мен тәртіп қағидаты аясындағы «Qorgan» жобасы бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді

Жамбыл ауданының Аса ауылдық округінде «Qorgan» жобасы шеңберінде Жамбыл АПБ-нің учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып, ғимарат қабырғаларындағы заңсыз граффити жазбаларын анықтау және алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары, әсіресе жастар арасында таза, қауіпсіз және мәдениетті орта қалыптастыру, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін заңсыз әрекеттердің жолын кесу. Сонымен қатар вандализм, бөтеннің мүлкін бүлдіру секілді құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық жауапкершілігін арттыру көзделді.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ауыл аумағында құқықтық мәдениетті нығайтуға өз үлесін қоспақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.